17.11.2020, 16:33
Оқиғалар
Балқаш қаласы маңында жолда қалған 51 адам эвакуацияланды
Жолаушылардың ешқайсы зардап шеккен жоқ
фото: ТЖМ баспасөз қызметі
17 қарашаға қараған түні сағат 03:11-де құтқарушылар Балқаш қаласынан 4 шақырым жердегі «Саяқ кенті – Балқаш қаласы» автожолында техникалық ақауы бар вахталық автобустан 51 адамды эвакуациялап, Балқаш қаласына жеткізді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты уақытша алыс жолға шықпауды, жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруді, ауа райы, дауылды ескетулер туралы ақпаратты қарау керектігін ескертеді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды