Қостанай облысында қарауыл вагоны өртеніп, күзетші қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Лисаков қаласында болған

15 қараша сағат 17:37-де Лисаков қаласының Промышленная көшесі бойындағы жеке кәсіпорын аумағында өрт шыққаны жайлы куәгерлерден хабарлама келіп түскен.

15 шаршы метр алаңда жеке тұрған қарауыл вагоны өртенген. Өрт шамамен сағат 18:00-де толық сөндірілген. Оқиға орнынан 59 жастағы (1961 жылы туған) кәсіпорын күзетшісінің жартылай күйік шалған мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.