Баланың ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін
Сәтбаев қаласының саяжай массивінде ересектердің қарауынсыз ойнап жүргенде иттер талап тастаған 6 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме.
«Сәтбаев қаласында үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген қыз иттердің арасында жалғыз қалып қойған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада
Полицейлер баланың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін шешіп жатыр.