Ақтөбе облысында үй өртеніп, 9 адам ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендердің бірі - жаңа туған нәресте

Фото: баспасөз қызметінен

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында үй өртеніп, 9 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі - жаңа туған нәресте, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Хромтау қаласында тұрғын үйде газ баллон жарылған. Өрт жалпы ауданы 90 шаршы метрді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп, құлаған.  Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Балалар 6 және 7 жаста, кішкентайы жаңа туған нәресте», - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.