Оралда жол апатынан бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері өңірде жол апатынан 57 адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден

Орал қаласында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жайық» базары маңында «Нива» және «Лада Ларгус» автокөліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан «Лада Ларгус» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен, кейін сол жерде көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері өңірде 250 оқиға салдарынан 57 адам мерт болып, 299-ы жарақат алған.