$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 18:45
Оқиғалар

БҚО-да жүк пойызы 8 жылқыны қағып өлтірді

Жылқылардың иесіне айыппұл салынды

БҚО-да жүк пойызы 8 жылқыны қағып өлтірді
Көрнекі фото

11 қараша сағат 22:35-те Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы «Пепел» жолайырығында жүк пойызы 8 жылқыны қағып өлтірген. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Бәйкенов хабарлады.

«Машинист теміржол бойында жайылып жүрген жануарларды байқап, жедел тежегішті басқан. Бірақ тоқтату мүмкін болмаған. Оқиға салдарынан 8 жылқы өлді. Жүк пойызы оқиға орнында 14 минут аялдаған», - деп хабарлады ол.

Оқиға орнына Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің жедел-тергеу өкілдері барып, жылқылардың 43 жастағы иесін анықтады. Ол Әкімшілік кодекстің 559-бабы (Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жылқылардың иесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары