Елордада адам тонаған екі жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың бірі бұған дейін де сотты болған

Фото: total.kz

Тұрғындардың бірі өзін тонап кеткені жайлы Сарыарқа ауданы Полиция басқармасына шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, түнде Құтпанов көшесімен үйге қайтып келе жатқанда екі жас жігіт күтпеген жерден соққыға жыққан. Сосын ұялы телефонын тартып алып, ізін суытқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 29 және 26 жастағы елорда тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің бірі бұған дейін де сотты болған.  

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тұлғалардың елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.