Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Фото: баспасөз қызметінен

Алматыда өткен түні жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Mercedes» көлігінде отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, ал жүргізуші қашып кеткен. Аталған факт қазіргі уақытта Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚРҚК 345-бабы, 3-бөлігі (Жол ережесін бұзу, адамның абайсызда өліміне әкеп соқтыруы) және ҚР ҚК 347-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.Тиісті медициналық сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады полициядан.