12.11.2020, 21:29
Оқиғалар
Балқаш қаласында ғимарат құлады
Қабырғаның құлауынан іргелес ғимараттағы 4 адам жарақат алды
Фото: баспасөз қызметінен
12 қараша күні Балқаш қаласындағы Ленин көшесі бойында бос тұрған ғимарат құлады. Оның шамамен 360 шаршы метр алаңдағы қабырғасы қираған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.
«Қабырғаның құлауы салдарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды. Сондай-ақ авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды», - деп жазылған ақпаратта.
Жарақат алған төрт авто жөндеу шеберханасының қызметкері дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды