71 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы қаланың Октябрь ауданындағы Попов көшесінде орын алды.
Жедел жәрдем көлігінің 51 жастағы жүргізушісі қоңырауға бара жатқан. Ол 15-ші магистральдан отыз метр қашықтықта жолдың бойында тұрған 71 жастағы ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.