Бұл қатарда банктің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары да бар
Қаржы министрлігі TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғанын растады. Ведомство баспасөз қызметі бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын жеткізді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған ақпаратта олар банктің жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңге ақшасын қайтарымсыз заем түрінде беру арқылы ұрлады деген күдікке ілінгені айтылды.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте TengriBank банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.