КамАЗ карьерге түсіп кеткен
Павлодарда КамАЗ карьерге түсіп кетіп, соның салдарынан жүргізуші мен оның жанында отырған адам қаза болды, деп хабарлады Azattyq Rýhy .
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 6 қарашада жұмыс уақытынан тыс уақытта, таңғы сағат 8-де Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында болды. 59 жастағы жүргізуші мінген КамАЗ артқа жүріп келе жатқан кезде тереңдігі 6-7 метрлік шұңқырға түсіп кеткен.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.