Қарағандыда күзетілетін тұрақтан көлік ұрлап кеткен азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұрлық жасалған сәт тұрақ маңайындағы бейнебақылау камераларына түскен

 

© lenoblinform.ru

2 қараша күні Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзінің 2 млн 300 мың теңге тұратын автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап әкеткені туралы арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің көлігі күзетілетін, бірақ дабыл белгілері жоқ тұрақта тұрған. Ұрлық жасалған сәт тұрақ маңайындағы бейнебақылау камераларына түскен.

«4 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады. Қаскүнем кінәсін мойындады. Темір тұлпар иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.