Бас дәрігер ЖШС өкілінен 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деп күдікке ілінген Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Б. Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Б. Құрманәлі ЖШС өкілінен 2 миллион 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын.
12 қараша күні Меркі аудандық сотының үкімімен, бас дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айрылды.