Вандалдар Ақтау жағалауын талқандады

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция күдіктілерді іздеп жатыр 

Ақтауда полиция қызметкерлері 14-ші және 15-ші шағынаудандардағы жағалаудың балюстрадаларын қиратқан вандалдарды іздестіруде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындары архитектуралық ғимараттарды ешкімнің қалпына келтіріп жатпағанына және вандалдардың жазаланбай отырғанына наразы. Маңғыстау облысының Полиция департаменті құқық бұзушыларды іздестіріп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бейнекамералардан барлық материалдарды зерттеп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп хабарлады полиция.

Тегтер: