Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда
Жол-көлік оқиғасы Ленин кентінің жолындағы «Сытый путник» дәмханасының жанында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Жол апаты салдарынан 1992 жылы шыққан Audi C-100 жеңіл автокөлігі жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін автокөліктен 2003 және 2002 жылы туған екі қыз эвакуацияланды. Екеуі де стресс алған, біреуінің бұғанасы сынған», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендерді жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Өрт сағат 18.12-де ауыздықталып, сағат 18.24-те сөндірілді.
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқиға орнына екі техника мен сегіз адам шықты.