Оқ атқан күдікті әлі ұсталған жоқ
Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.
«2004 жылы туған қазақстандық азаматқа оқ тиіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қазір Қазақстанның Польшадағы елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан, оның денесін елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті dziennikwschodni.pl порталының хабарлауынша, қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барған, сол жақта оған оқ тиген. Ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернаттың оқушысы болған. Қазақстан азаматына оқ атқан күдікті әзірше ұсталған жоқ.