03.11.2020, 16:20
Оқиғалар
Алматыда аялдама мен трансформаторға соққан жүк көлігінің видеосы жарияланды
Үш адам зардап шекті
Фото: zakon.kz
Алматыда Науаи мен Набережный көшелерінің қиылысында Shacman жүк көлігі жылдамдықпен жүйткіп келіп, жолындағы Nissan Maxima жеңіл көлігін, трансформаторды, автобус аялдамасын сүріп кеткен. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Видеода Науаи көшесімен жүйткіп келе жатқан жүк көлігінің жолында тұрған трансформатор мен бірнеше көлікті қаққаны, сондай-ақ автобус аялдамасына соғылғаны көрсетілген. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған.
Жүк көлігінің жүргізушісі жол апаты кезінде салоннан секіріп кеткен. Оқиға салдарынан үш адам – Shacman, Nissan көліктерінің жүргізушілері мен аялдамада тұрған әйел адам зардап шекті.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды