Австриядағы елшілік жағдайды баяндады
2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпарат берді.
«Австриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде. Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, Вена орталығында лаңкестік шабуыл болып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Австрияның Ішкі істер министрі Карл Нехаммер оқиғаны террористік шабуыл деп атады.