Күдікті уақытша қамауға алынды
Алматыда Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1,7 грамм есірткімен ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
«Біздің ауданымызда орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі заттарының жағымсыз иісі шығатыны және осы пәтердің айналасында үнемі күдікті адамдардың айналып жүретіні туралы жедел ақпарат алдық. Ақпарат расталды. Бұл пәтерді 1989 жылы туған Б. есімді азаматтың жалға алатыны белгілі болды. Тұрғын үйді тінту кезінде қалтаға оралған есірткі заттары табылды. Күдікті қамауға алынды. Ол Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны болып шықты. Ер адам жұмыс істеу үшін Алматы қаласына келген. Ол өзімен бірге шаһар аумағына тарату үшін гашиш түріндегі есірткілерді алып келген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 670 грамм болды», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.