Оқиға Шымкент қаласындағы Нұрсат ықшамауданында болған
Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында монтаждаушының үстіне плита құлаған. Ер адам алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Қайтыс болған адам – 1987 жылы туған өзбекстандық азамат.
Қазір еңбек инспекторлары жұмыс беруші туралы және еңбек қатынасының қаншалықты заңды болғаны жайлы ақпарат жинау үстінде. Қажетті ақпарат жиналған соң апатты тексеруге кіріседі.