Мейрамхана әкімшісін балағаттаған алматылық он тәулікке қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

 

Фото: ашық дереккөзден

Істі қараған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осындай шешім шығарған, деп хабарлайды inAlmaty.kz.

«Мейрамхана ғимаратында ер адам әкімшімен жанжалдасып, оның ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан», - делінген хабарламада.    

Сот қаулысы бойынша ұсақ бұзақылық бабына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танылған ер адамға он тәулік мерзімге әкімшілік тұтқынға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.