Көлік ағашқа соғылған
Теміртауда жеңіл көлік ағашқа соғылып, жүргізуші мен көлікте болған бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Фольксваген–Гольф» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі басқа көшеге бұрылмақ болып, ағашқа соғылған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді», - делінген хабарламада.