Өрттен 6 адам эвакуацияланды, тағы 5 адам далаға өз бетімен шықты
Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі - балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бесқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына барғанда пәтердің кіреберісінде тоңазытқыш пен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Жоғары қабаттан 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Тағы 5 адам далаға өз бетімен шықты», - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.