ШҚО аумағында қанша блок-бекет қойылатыны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде 1 қарашадан бастап блок-бекеттер қойылады

Көрнекі фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары Гүлайым Тағаева 1 қарашадан бастап өңірде карантин режимі күшейтілетінін, облыс шекарасына кіріп-шығатын тұстарда 13 санитарлық бекет қойылатынын айтты.

«ШҚО аумағына кіріп-шығуды бақылау үшін 13 санитарлық бекет қойылады. Алматы облысымен шектесетін тұста (1 бекет), Қарағанды облысымен шекетесін жерде (1 бекет) және Павлодар облысымен шектесетін тұста (2 бекет) санитарлық бекеттер қойылады», - деді ол.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы автокөлік өткелдерінде – «Ауыл», «Уба» өткізу пункттерінде (Шемонаиха ауданы - 1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік), Өскемен қаласында 7 бекет қойылады.