Банк тонау оқиғасы 15 қазан күні сағат 19:00 шамасында Сейфуллин даңғылы бойындағы ғимаратта болған
15 қазанда Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс уақыты аяқталған кезде болған оқиға кезінде бөлімшеде клиенттер болмаған. Белгісіз адамдар қарумен қорқытып, алдын ала мәлімет бойынша 2 миллион теңгені алып кеткен. Жұмысшылардың ешқайсы зардап шекпеген.
Алматы қаласы Полиция департаменті криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды. Күдіктілер - С. және У.есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды.
«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің қызметкерлері Орал қаласында үшінші күдіктіні қазір ұстады. Заттай дәйектер - ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген», - делінген ақпаратта.
Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.