Оқиға биыл тамыз айында болған
БҚО-да әйелін өлтірген 45 жастағы тұрғын 13 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол 2 тамызда арақ ішіп, әйелін ұрып-соғып, үйден шығарып жіберген. Ол пәтерге кіргізуін өтініп, есікті ұрғылаған кезде күйеуі пышақпен соққылар жасаған. Әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.