Мәйіт кәріз құбырында жатқан
Қостанайда кәрізден 2017 жылы өлген адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ерлі-зайыптылар жағымсыз иісті сезіп, кəрізді тазартпақ болғанда, ол жерден адамның мәйітін тапқан. Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша тіркелді», - деп жазылған хабарламада.
Тəртіп сақшылары із-түзсіз жоғалғандардың тізімін тексеріп, 2017 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қала тұрғынын анықтады. Табылған мəйіттегі киім қалдықтары жоғалған адамның сипаттамасына сәйкес келді. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың үш жыл бұрын өрттен кейін үйді қалпына келтіру үшін жұмысшылар жалдағанын анықтады. Қазіргі уақытта олар қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.