$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2020, 15:55
Оқиғалар

Өзі түскен порнографиялық видеоны 7 мың теңгеден сатқан қарағандылық ұсталды

Қазір оның серіктесі іздестіріліп жатыр

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық видео таратқан әйелді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Қарағанды облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, Инстаграм және Телеграм желілерінде порнографиялық материал жариялау фактісін анықтады. Видеолар тек Қазақстанда емес, басқа да мемлекеттерде тараған.  

«Hi-tech» шарасы барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен видео түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Әлеуметтік желіде бейнежазба бағасы да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңгеге (1200 ресей рублі) бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша түсірілетін бейнежазба 17 мың теңгеге (3 мың рубль) бағаланған. Ал басты рөлдегі әртісіне интимдік кездесу үшін 300 АҚШ долларын төлеп отырған», - делінген хабарламада.

Күдікті 27 қазан күні ұсталды. Заңға қайшы әрекетіне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның серіктесі де іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары