ШҚО-да қатты желден Мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы жұмыс жүргізуде.

ШҚО-да қатты желден Мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2020 жылғы 28 қазанында сағат 12-де 19 м/с күшіне жететін қатты желдің салдарынан Күршім ауданы Алғабас ауылындағы Мәдениет үйінің сыртқы қабырғалардың жабындысы мен шатырдың жұлып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада. 

AMP

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы жұмыс жүргізуде.

Құтқарушылар азаматтарға аса тиянақты болып, нашар бекітілген және ескі құрылғыларға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электржелілерге жақындамауға кеңес береді.