Көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын эвакуацияланды
Нұр-Сұлтанда ер адам «газ баллонын жарып жіберемін» деп, айналысындағыларға қоқан-лоққы көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 102 нөміріне 27 қазан күні сағат 17:50-де шұғыл қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғынды, оның ішінде балаларды да эвакуациялады.
28 жастағы ер адам ұсталды. Оның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болған.