Өткен түні Қазақстанға 11 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

11 жолаушының бәрі – Қазақстан азаматтары

Фото: ашық дереккөзден

28 қазанға қараған түні Қазақстанға шет елдерден 7 халықаралық рейспен 652 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 641 жолаушыда тиісті анықтама болса, 11 Қазақстан азаматында ол болмаған. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 3 рейспен 233 жолаушы келген (225 жолаушыда анықтама болса, 8-інде жоқ).
  • Алматы қаласының әуежайына 2 рейспен 326 жолаушы келген (бәрінде ПТР-анықтамасы бар).
  • Ақтау қаласының әуежайына 2 рейспен 93 жолаушы келген (90 жолаушыда анықтама болса, 3-інде жоқ).

Тиісті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген.

Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, БАӘ, Беларусь және әжікстан елдерінен келген.