Нұр-Сұлтанда ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР ҰҚК Шекара қызметі оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімет берген жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Шекара қызметінің 44 жастағы қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды today.kz ақпараттық порталы. 

Оқыс оқиға 14 қараша күні кешкі сағат 21:00-де Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Бұл оқиғаға қатысты Нұр Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Қошқарбаев көшесінде орналасқан үй подъезінің балконынан ер адамның құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз өкілі София Колышбекова.