$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 16:29
Оқиғалар

Алматыда ангарда тұрған 9 көлік өртеніп кетті. Шығынды кім өтейді?

Адам шығыны болған жоқ

Бүгін түсте Алматы қаласы Ақсай-1 ықшамауданында орналасқан техника жөндеу орталығы отқа оранды. Қатты жалынды сөндіру кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

27 қазанда 12 сағат 56 минутта қалалық ТЖ департаментiнiң мамандары мен техника құралы Әуезов ауданындағы Ақсай-1 ықшамауданында шыққан өртке шақырту алған. Қауіп деңгейі жоғары деп бағаланған өрт ошағына 60 адамнан тұратын жеке құрам мен 13 бірлік техника жұмылдырылған. Қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Гүлдана  Нұрымбетованың айтуынша, жалынды ауыздықтауға 1 сағаттан астам уақыт кеткен.  

«Өрт сөндipyшiлер келгенде ангар типтi жеке тұрған техникалық қызмет көрсету орталығының жанып жатқаны анықталды. Өрт оқпандары жiберiлдi. Металдан жасалған нысаннан тараған ыстық жалын өрттi cөндipуге кедергi келтipдi. Оқиға орнынан әрқайсы 25 литр болатын 2 газ баллоны сыртқа шығарылды. Кәсіпкерлік нысанның иелері ТЖО ішінде жанғыш сұйықтық құйылған ыдыс барын ескертті. Сағат 13:21-де жарылыс болды. Абырой болғанда өрт сөндірушілер зардап шеккен жоқ», - дейді департамент өкілі.

Өрт салдарынан 9 автокөлік жанып кеткен. Ешқайсысы қайта қалпына келтіруге жарамайды. Сыртта тұрған тағы үш көлік зардап шеккен.

Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдай департаментінің басшылары мен аудандық әкімдік өкілдері келді. Өрттің себебі мен көлемі анықталып жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #өрт