$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 14:16
Оқиғалар

Ақмола облысында жол жиегіне аударылған көлік түгел жанып кетті

Көлік салоннында болған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты

Ақмола облысында жол жиегіне аударылған көлік түгел жанып кетті

Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайғылы жағдай болды. Қатты жылдамдықпен келе жатып жол жиегіне аударылған Mazda Cronos маркалы көлігі түгелдей жанып кетті. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауыр жарақатына байланысты өртенген көліктің ішінде қалған жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. 26 қазанда күндізгі сағат 14:30 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне куәгерлер қоңырау шалып, Азат ауылы маңында Mazda Cronos маркалы автокөліктің жол жиегіне аударылғаны туралы хабарланған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жол апатының «Азат-Степногорск» бағытындағы автожолдың алтыншы шақырымында болғанын анықтады. 28 жастағы Mazda Cronos көлігін тізгіндеген жүргізуші жігіт Степногорск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай келе жатқан. Қатты жылдамдықпен жүрген жігіт рөлге ие бола алмай, автокөлік жол жиегіне аударылып, бірден өртене бастаған. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жүргізуші мен 39 жастағы жолаушы азамат оқиға орнында бірден көз жұмған», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.  

Полиция қызметкерлері аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлікті пайдалану немесе жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.  

Жол жүру кезінде жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барынша сақтап, жылдамдықты қатты асырмау өз өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік береді, дейді  Ақмола облысының полиция департаментінен. 

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары