$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 12:53
Оқиғалар

Жыл басынан бері Атырауда 184 шетелдік азамат елден шығарылған

Облыста 2 мыңға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Атырауда 184 шетелдік азамат елден шығарылған
көрнекі фото

Жыл басынан бері Атырау облысында қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін 2 мыңға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184-і елден шығарылған.

«Шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік қылмыс жасаған. Олардың көпшілігі - Өзбекстан азаматтары. Жыл басынан бері облыс аумағына қоныс аударған шетелдіктер саны өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға азайды», - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Түрлі әкімшілік құқықбұзушы шетелдік азаматтарға айыппұл санылып, 5,1 млн теңге өндірілген. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылды.

Полиция қызметкерлері Атырау қаласында жыл басынан бері 50 мың шетелдікке еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған патент рәсімдеген. Олардың басым бөлігі - Өзбекстан елінің азаматтары.

Серіктес жаңалықтары