Алапат өрт Шелехова ауылында болды
Шығыс Қазақстан облысында алапат өрт болды. Бородулиха ауданында 100 тонна шөбі мен 8 сиыры және екі жылқысы жанып кетті, деп хабарлайды КТК.
Алапат өрт Шелехова ауылында болды. Қызыл жалын шаруа қожалығының қора-қопсысын түгел шарпыған. Жалпы от 600 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Өрт сөндірушілері сарай ішіндегі 9 бас ірі қара мен екі тракторды ғана аман сақтап қалды. Өйткені жұмылдырылған сегіз өрт сөндірушіге қағаздай жанған шөп кедергі келтірген.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.