Тағы үш адам зардап шекті
Оралда жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2112» автокөлігінің рөліне ие бола алмай, жол шетінде тұрған «Volkswagen Golf» және «Газель» автокөліктеріне соғылған.«ВАЗ-2112» автокөлігінде болған 36 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.