Жеңгетай жедел-алдын алу шаралары барысында ұсталды
Алматыда кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жақында Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады. Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қыз болған. Ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.
Жезөкшелікпен айналысуға итермеледі деген күдікпен 1991 жылы туған азаматша ұсталды.