Екі ер адам көлікке жолаушы болып отырған
Шымкентте көлік иесін пышақтап, денесін өртеп жіберген деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«18 қазан күні «Дэу Нексия» маркалы ақ түсті көлік иесіз тұрған және оның мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған. Автокөлік ішінен 2 ойыншық тапанша, бір метр темір арматура, 2 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі және ер адамның қан дақтары бар көк түсті джинсы шалбары табылды», - деп жазылған хабарламада.
1994 және 1998 жылы туған күдіктілер аталған көлікке жолаушы болып отырған. Олар көлік иесін пышақтап, Ақтас елдімекенінде орналасқан қоқыс алаңына апарып тастаған. Кейін қылмыс ізін жасыру мақсатында мәйітті өртеп жіберген.