Полиция қазіргі уақытта күдіктілерді іздеп жатыр
Қостанай қаласында екі адамды пышақтап кеткен күдіктілерге іздеу салынды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы әл-Фараби көшесінде болған. Күдіктілер аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен.
«Арқалық қаласының 59 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза болды. 61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаториялық ем-дом шаралары белгіленді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», – дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.