Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркелу санының өсуіне байланысты 24 қазан сағат 00.00-ден бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен шектеу күшейтіледі.
Атап айтқанда:
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
- Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады.
- Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдар жабылады.
- Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандырылады (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).
- Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефоны, жеткізу қызметі жарияланады.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеледі;
- Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түрлеріне тыйым салынады.
- Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақытын сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
- Азық-түлік сауда нысандарына жұмысын уақытын сағат 22:00-ге дейін шектеледі.
- Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар қызмет көрсетуді алдын-ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің ара-қашықтығын сақтайды.
- Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізілмейді.
- Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол берілмейді.
- Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдері, оның ішінде азаматтық персоналы қашықтықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50%-ы) көшіріледі.