$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2020, 05:31
Оқиғалар

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті өз кінәсін мойындады

 

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған ер бала әйел кісіні өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Глубокое ауданы Белоусовка ауылының тұрғыны пышақ жарақатынан мерт болған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Одан әйелді жарақаттап өлтірген пышақ тәркіленді. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, яғни «Кісі өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының және Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Белоусовка ауылының кәмелет жасқа толмаған тұрғынын ұстады», - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.   

Серіктес жаңалықтары