Жол-көлік оқиғасы Маралды – Күршім тасжолында болған
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы Маралды – Күршім тасжолында болған.
«Toyota Hilux Surf» маркалы автокөлікпен келе жатқан 60 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіне шығып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері дәл осыған ұқсас көлік апаты салдарынан 25 адам қаза тапты, 127 адам ауыр жарақат алды.