БҚО-да жанармай бекетін тонаған ер адам 12 жылға сотталуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 18 қазанға қараған түні Ақсай қаласында болған

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтеғұлов «Мой город» порталына берген жауабында Ақсай қаласының 23 жастағы тұрғыны жанармай құю бекетін ашық тонап, 70 мыңнан астам теңгені иемденгенін айтты.

«Екі күннен кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол істеген қылмысы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Дәурен Өтеғұлов.

Ер адам қарақшылық шабуыл кезінде пышақпен қорқытқан. Зардап шеккендер жоқ.