Жыл басынан бері облыс жолдарында жол апатынан 39 адам қаза тапқан
Баянауылда 69 жастағы жолаушы жол апатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Сағат 15.30-да Баянауыл – Торайғыр автожолында «Лада» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. Оқиға салдарынан 69 жастағы жолаушы Баянауыл ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттардан көз жұмды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс жолдарында 460 жол-көлік фактісі тіркеліп, 39 адам қаза тапты және 708 адам жарақат алған.