Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан ауыл тұрғындарының бірі өз үйінде қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Түлкібас ауданының тұрғынын күдіктіні ретінде ұстады.
Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен оқ-дәрісі бар аңшылық мылтық пен өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакетті тәркіледі. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін күдіктіні Түлкібас АПБ-не жеткізді.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 26 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Ал тәркіленген қарудың иесіне полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша хаттама толтырды», - делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.Тергеу барысы күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.