Қызылордалық полицейлер алаяқ әйелді ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол танысының ақшасын алдап алып кеткен  

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада танысын алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«14 қазан күні Қызылорда қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған. Ол танысының бұдан бір жыл бұрын банктен ірі мөлшерде несие алып беруге көмектесетінін айтып, 175 мың теңгесін алдап алып кеткенін айтқан», - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасағаны үшін Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.