Олар 1 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Қарағанды облысы әкімдігінің басқарма басшысының орынбасары мен бас маманы ірі көлемде пара алу күдігімен әшкереленді.
Олар нысанды пайдалануға қабылдау актісін («Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын салу және одан ары пайдалану») келісу үшін авторлық қадағалауды іске асырушы кәсіпорын директорынан жалпы сомасы 1 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.