Күдікті 2 бап бойынша тергеліп жатыр
Ақмола облысының полицейлері қарақшылыққа және зорлауға қатысы бар күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 20 жастағы қыздан 29 қыркүйек таңғы сағат 07:30 шамасында Жамбыл және Садуақасов көшелерінің қиылысында белгісіз ер адамның пышақпен қорқытып, зорлағаны және Samsung маркалы ұялы телефонын тартып алғаны туралы арыз келіп түскен.
Іздестіру шараларының нәтижесінде 14 қазанда осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Зеренді ауданына қарасты ауылдардың бірінен 30 жастағы ер адам ұсталып, кінәсін толық мойындаған.
Ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі (зорлау) және 192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.